23 Қаңтар, 2015

Бес балықшы мұз жарылып, «УАЗ» автокөлігімен суға батып кетті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сондай тосын оқиға Арал ауданында болды. Қызылжар ауылынан шыққан балықшылар Аманөткел елді мекенінің тұсына жетеді. Сырдарияның үстінен «УАЗ» автокөлігімен өтпек болғанда, суға батып кетеді. Қалың судың астында көліктің есік-терезесін аша алмаған бес адам сол жерде жан тәсілім етеді. Оқиға орнына құтқарушылар барды. Автокөлік пен ішінде қайтыс болған 5 адам судан шығарылды. Биыл өзі қыстың да көркі кіріп тұрған жоқ қой. Жылдағыдай аяз емес. Өткенде дария еріді. Қыстың қақ ортасында. Солайша, толық қатпаған мұз опырылып кетіп, опат болып отыр. Осы оқиғаға орай облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев шұғыл жиын өткізді. Аталған жағдайдың дария бойындағы  қауіпсіздік шараларының сақталмағанынан орын алғанын айтты. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.