Фото: polisia.kz
Күдіктілердің қарасораны арнайы өсіргені суару жүйесі арқылы нақтыланған.
Сонымен қатар арал аумағында орналасқан шатырда патрондарымен тегіс ұңғылы қару, қажетті екі қап тыңайтқыш, сондай-ақ қарасораны суару және өңдеу туралы жазбалары бар дәптер табылған.
«Есірткі плантациясы Балқаш көлі аралдарының бірінде анықталды. Жүргізілген сараптама тәркіленген 6 122 өсімдік бұтасы жалпы салмағы 2 тонна 740 келі голландиялық каннабис екенін растады. Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіліп жатыр», деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.
Осылайша полицейлер құны 300 млн теңгені құрайтын қарасораның қара нарыққа түсуінің алдын алды.