Фото:Ашық дереккөз
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Сарыарқа даңғылы бойынша Шевченко көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде мердігер ұйым өз қаражаты есебінен асфальтбетон жабыны бойынша анықталған ескертулерді жою шеңберінде жол жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыстарын жүргізеді.
«Осыған байланысты, 13-16 тамыз аралығында аталған учаскедегі Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады. Жұмыстар жолдың ішінара жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Бұл ретте қиылыстар ашық болады», делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.