Оқиға • 14 Тамыз, 2024

Семейде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Жергілікті полиция аталған факті бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: gov.kz

Оқиға 13 тамыз күні болған. Облыс орталығындағы Бозтаев-Первомайская көшелерінің қиылысында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Нәтижесінде ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.