«Таза Қазақстан» • 14 Тамыз, 2024

Тазалыққа талап күшейді

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданының әрбір тұрғыны телеграм желісіндегі арнайы бот арқылы қоқыс шашылған жердің суретін желіге жүктеп, коммуналдық қызмет өкілдерін шақыра алады.

Тазалыққа талап күшейді

Экологиялық мәдениет, қор­шаған ортаның тазалығы бү­гінде жастың да, кәрінің де бо­йында қалыптасып келеді. Бұ­ған көктемнен бері жүйелі жүр­гізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының да әсері зор болды. Осы бастама басталғалы бері Ақжайық ауданында түрлі іс-шараға 7 800 адам қатысыпты. Сөйтіп, ауданның елді мекен­дерінде өткен сенбіліктерде 41 техниканың күшімен 85 тонна қатты тұрмыстық қалдық далаға шығарылған. Жыл басынан бері өңірде 2 242 түп жай терек, 4 700 түп жеміс ағашы егіліпті.

– Бұл жұмыс тек биыл бастал­ған жоқ. 2021-2025 жылдар ара­лығында облыс елді мекендерін көгалдандыру және жасыл айма­ғын құру жоспарына сай былтыр да 20 138 көшет егілген еді, – дейді Ақжайық аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары мен жолау­шы­лар көлігі бөлімінің басшысы Айбек Замеров.

Шынында да, «Таза Қазақстан» акциясы жай ұран емес, оның астарында барша азаматтың бойында экомәдениетті қалыптастыру, тұрақты тазалыққа деген ұмтылыс жатыр. Сондықтан елді мекендерде тұрмыстық қалдықты жинау, уақтылы шығару мәселесі жүйеге түсуі керек. Айбек Дамирұлының айтуынша, қазір округ орталық­тарында қалдық төгетін 18 жер белгіленген. Ауылдық округ әкім­діктерінің теңгеріміне берілген бұл орындардың 11-і қоршауға алынған.

А

Жақында ғана Ақжайық ауда­нының орталығында қатты қал­дықты төгетін 50 темір контей­нер және пластикалық қалдық жи­найтын 25 контейнер сатып алы­ныпты. Бұл тоғыз жолдың торабында тұрған ірі кенттің тазалығын сақтауға барынша ықпал етері сөзсіз. Бұған дейін аудан бойынша тұрмыстық қалдық төгетін 140 темір контей­нер, пластикалық қалдыққа арналған 72 контейнер болған екен. Осылайша, ауданның қо­қыс жинайтын контейнер қоры бірден 35-40 пайызға жаңарып отыр.

– Біз бұрын контейнерлер­дегі қоқысты осы шаруаға оңтай­ландырылған техникамен жи­найтынбыз. Жуырда аудан орта­лығына арнайы қоқыс таситын көлік сатып алдық. Бұл қоқыс жинаушы мекеме қыз­мет­керлерінің жұмысын механикаландырып, қолын ұзартатын болды, – дейді А.Замеров.

 

Батыс Қазақстан облысы