23 Қаңтар, 2015

Тәлкекке түскен тағдырлар

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаскелең қаласының маңына жұмыс іздеп Өзбекстаннан келген төрт қандасымыз құлдықтан құтқарылды. Қандай жұмыстан болса да тартынбай, қалайда қаражат та­­буды ғана ойлаған жандар әуелі алдауға түсіп, сосын шара­сыздықтан күнкөрістерін күйт­теп, айлар бойы тегін жұмыс істеген. Нақтылай түссек, құл­дықтың қамытын ки­ген. «Адам­ды еркінен тыс ең­бек етуге мәжбүрлеуге қатысты ішкі істер органында тіркелген дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, процессуалдық шешім қабылданды», дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төле­генқызы. Жалпы, өткен жылы облыс аумағында адамдарды заңсыз түрде бостандықтан айыруға қатысты еліміздегі ең ірі мегаполис Алматының ірге­сіндегі аудандарда 14 дерек тір­келіпті. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.