Түнгі сағат бірдің о жақ, бұ жағы. Нөмір материалдарын дайындаумен алашапқын болып жатсақ, телефон шырылдайды. Алматыдан. Белгілі ақынымыз Шөмішбай Сариев. «Өлең туды, өлең туды», дейді асыға сөйлеп. «Қандай өлең?». «Қандай өлең болушы еді, жаңа ғана естіген жақсы жаңалыққа жазылған өлең. Дүйсенбіге газет шығатынын естідім, осы өлеңімді нөмірге салып жіберіңіздерші». «Көрейік, тез жібере қойыңыз электронды поштамен», дейміз. «Ойбай, ондай өнер жоқ қой бізде, қыздарыңыз телефонмен жазып ала қойсыншы», дейді. Амал жоқ, өлең телефонмен жазылып алынды. Елдіктің жеңісіне қуанған ақын жүректің лүпілін жеткізген ақжолтай жырды «Егемен Қазақстан» оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.
Халқы қалап Қазақстан Президенті болып қайта сайланған
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВҚА!
Ақордадан бастап шекараға дейін,
Аспан-жерді жалғаған екі араға дейін,
Бұлт асқан ақиық тауларыма дейін,
Кең көсілген даламның аумағына дейін,
Менің мемлекетім!
Етегінен тауымның шыңдарына дейін,
Жел үйірген құйынды құмдарына дейін
Менің мемлекетім!
Құм басқан ежелгі қорғанына дейін,
Қалың тоғай сыңсыған орманына дейін
Менің мемлекетім!
Бір уыс топырағы, әр тасына дейін,
Күңіренген үнсіз жартасына дейін
Менің мемлекетім!
Нар атан түйенің ноқтасына дейін,
Әрбір қазақ отбасына дейін,
Менің мемлекетім!
Жел ұйытқып жетер сөзім –
Жер мен Күн арасына дейін,
Көз ашып-жұмған әрбір қазақ баласына дейін,
Менің мемлекетім!
Тәңір өзі бетін бұрғанынша,
Жер шары қанша тұрғанынша,
Жаса, менің мемлекетім!..
Жаса, менің Президентім!
ЖАСА, МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ!
Шөмішбай САРИЕВ,
ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
АЛМАТЫ.

Маңғыстау-Семей пойызында жолаушылар тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54