Таным • 15 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: Қисық орман

103 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Польшаның Грыфино қалашығы­ның маңында өзгеше орман бар. Ерек­шелігі сол, мұндағы 400-ге жуық қарағай тоқсан градустық бұрышпен иіліп өскен.

Ғалам ғажаптары: Қисық орман

Сол себепті де жұрт бұл жерді қисық қарағайлы орман деп атап кеткен. Бұл ерекше орманның негізі 1930 жылы қаланған. Бүгінде ағаштардың осылайша қисайып өсуін ешкім дәлме-дәл түсіндіріп бере алмайды. Кейбір ғалымдар мұның себебін қатты соққан желдің әсерінен болған құбылыс деп түсіндіреді. Айтпақшы, «қисық» орманда басқа жердегідей құстардың әуенін ести алмайды екенсіз. Мұның да себебі әлі күнге дейін жұмбақ.

 

Шоколадтөбе

апр

Ақтөбе, Көктөбе дегенді жақсы білеміз. Бірақ Шоколадтөбе де­генді естімеген боларсыз? Бұл – Филиппин аралының Бохоль про­вин­циясындағы геологиялық әсерден пайда болған түзіліс.

Аумағы 50 шаршы шақырым болатын бұл төмпешіктердің жалпы саны – 1776. Ең үлкен төбелердің биіктігі шамамен 100 метр, ал ең кішкентайлары 30 метрге дейін жетеді. Әр төбеде өсетін шөптер күзде қоңыр түске боялатындықтан, жұрт осы мекенді «Шоколадтөбе» атап кеткен. Бұл түзілістің пайда болуы зерттеушілерді үнемі қызықтырып келді. Бір топ ғалым мұны жанартау атқылағаннан кейінгі ерекше құбылыс деп түсіндірсе, тағы бір нұсқада төбешіктер орналасқан жер ежелгі мұхиттың түбі болып, су деңгейі тартылғанда эрозия әсерінен конустық құрылымға айналған деп тұжырымдайды.

 

Супер ағаш

апр

Сингапурдың Марина-Бэй шыға­нағын­дағы жасанды ағаштар күн энергиясын өндіреді, өсімдіктердің тік өсуіне әсер етеді және жаңбыр суын жинайды.

Бұлар табиғат пен озық инновация­ның үздік үйлесімі болғандықтан, «Супер ағаштар» деп аталған. Әрқайсысы­ның биіктігі – 25-50 метр. Темір ағаштар­дың ұшар басына күн батареялары орна­ластырылған, ал діңіне су жинауға ар­налған арнайы құрылғылар бекітілген. Осылайша, 2012 жылы басталған бұл жоба бүгінде әрі ғылыми әрі туристік орынға айналды.