Оқиға • 15 Тамыз, 2024

Астаналық екі тұрғын көлік дөңгелегін ұрлап, сатып жіберген

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері  ұрлық жасады деген күдікпен 25 және 26 жастағы екі ер адамды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық екі тұрғын көлік дөңгелегін ұрлап, сатып жіберген

Фото:Polisia.kz

Анықталғандай, тергеу барысында екі ер адам Соқпақбаев көшесінен өтіп бара жатып, жолдың бойында жүксалғышы ашық тұрған Mazda автокөлігін байқаған. Көліктің жүксалғышынан құны 210 мың теңге тұратын жүк көлігінің дөңгелегін ұрлап кеткен.

«Ұрланған затты сатып жіберген. Қаскүнемдердің әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі», делінген хабарламада.

Қалалық полиция департаменті жүргізушілерге өз көліктерін ашық қалдырмау керектігін, сондай-ақ автокөлікті дабылдық жүйемен және бейнебақылау камералары орнатылған тұраққа қою керек екенін еске салды.



Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25