23 Қаңтар, 2015

Атырау сотының мұражайында Әбілхайыр ханның хаты қойылды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11_4АТЫРАУ. 23 қаңтар. Атырау облыстық сотында тарихи жәдігерлік мұражай ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұражайға билер төрелігі кезеңнен бергі заңдылықтың қалыптасуынан сыр шертетін жәдігерлер молынан қойлыған. Мұндағы ең құнды жәдігердің бірі ретінде Әбілхайыр ханның 1731 жылы Ресей императоры Анна Иоанновнаға арнап жазған хатын айтуға болады. Ханның хаты жазылғаннан бері біраз жыл өтсе де құжаттың сақталуында мін жоқ. Сонымен бірге, мұражайға өзге құжаттар, жарлықтар мен қылмыстық істердің жазбасы қойылған. Мұражайдан жылдары жұмыс жасаған судьялардың киімдері мен төс белгілерін, мөрлері мен басқа тұтынған заттарын көруге болады. Ескі фотосуреттер, сия сауыт пен патефон, дискілі телефон мен теру машинкасы, Samsung маркалы алғашқы компьютер аталған мұражайдың құнды жәдігеріне айналған. «Сот билігінің тарихымен кез келген адам таныса алады», дейді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz. 3_13 7_5 10_6