Спорт • Бүгін, 11:11

Өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпиондары анықталды

19 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

15 тамыз күні Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты басталды. Бүгінгі жарыс күнінде ұлдар мен қыздар арасында алғашқы чемпиондар анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпиондары анықталды

Фото: gov.kz

Чемпионаттың ашылу бағдарламасында оқу мұнарасының 2 және 3 қабаттарының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу сайысы өтті. 

Командалық есепте қыздар арасында да, ұлдар арасында да Ресей Федерациясының өкілдері көш бастады. Екінші орынға Беларусь өкілдері тұрақтаса, үшінші орынға Қазақстанның жас спортшылары ие болды.

Қыздар мен жасөспірімдер қыздар арасындағы командалық біріншілікте:

I орын - Ресей Федерациясының құрама командасы;

II орын - Беларусь Республикасының құрама командасы;

III орын - Қазақстан Республикасының құрама командасы;

IV орын - Словакия Республикасының құрама командасы;

V орын-  Болгария Республикасының құрама командасы.

Жалпы командалық есепте ұлдар мен жасөспірім ұлдар арасындағы командалық біріншілікте:

I орын - Ресей Федерациясының құрама командасы;

II орын - Беларусь Республикасының құрама командасы;

III орын - Қазақстан Республикасының құрама командасы;

IV орын - Словакия Республикасының құрама командасы

V орын - Чех Республикасының құрама командасы.

Жасы кіші қыздар тобындағы финалдық жарыстардың нәтижелері бойынша жүлделі орындарды Ресей мен Қазақстан өкілдері өзара бөлісті:

I орын - Булыгина Валерия (RU) – нәтижесі 7,85 секунд;

II орын - Бунякина Анастасия (KZ) - нәтижесі 7,94 секунд;

III орын - Быкова Полина (RU) - нәтижесі 8,18 секунд.

Финалда орта жас тобында үш Беларусь қатысушысы мен Ресей өкілі күресті. Нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:

  1. Ульяна Тимофеева (BY) 7,40 сек.
  2. Ксения Гусак (BY) 7,48 сек.
  3. Кристина Копкова (RU) 7,80 сек.

Жасы үлкен топтың жеке біріншілігінде, жасөспірімдер қыздар арасында:

  1. Анастасия Кострова (RU) 7,63 сек.
  2. Ксения Вахильчук (BY) 8,73 сек.
  3. Даяна Нафикова (RU) 10,15 сек.

Жасы кіші санаттағы ұлдар арасында:

  1. Глеб Беломенов (RU) 6,87 сек.
  2. Матвей Осипов (RU) 7,12 сек.
  3. Дружбин Тимофей (BY) 7,36 сек.

Орта жастағы ұлдар арасында:

1 орын - Наровский Михаил (BY) 7,45 сек.

2 орын - Насибуллин Ернул (KZ) 7,49 сек.

3 орын - Крайюхин Илья (RU) 7,73 сек.

Үлкен жас санатындағы ұлдар арасында:

  1. Фроловский Федор (RU) 10,46 сек.
  2. Гуринович Ярослав (BY) 11,21 сек.
  3. Снетков Евгений (BY) 11,60 сек.