23 Қаңтар, 2015

Қытай Бейжің – Мәскеу темір жолын салады

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

23-01-15-jeldoroga-1

АСТАНА. 23 қаңтар. Қытай Бейжің мен Мәскеу аралығына құны бір жарым триллион юань (242 млрд. доллар) тұратын жоғары жылдамдықты темір жол құрылысын салады. Бұл туралы Бейжің қалалық әкімшілігінің Weibo микроблогы сервисіне жолдаған ақпарына сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады. Твиттердің қытайлық вариантына 21 қаңтар күні салынған мақалада бұл темір жолдың Еуропа мен Азияның арасына сапар шегу мен жүк тасымалын жеңілдететіні атап көрсетілген. Авторлардың айтуларынша, Бейжіңнен Қазақстан арқылы Мәскеуге дейін жету үшін енді екі-ақ күн керек болады. Аталмыш темір жолының құрылысы туралы ұсыныс Ресей экономикасы мұнайдың бағасы төмендеуінен түзелуге бағыт ұстап, АҚШ пен Еуропа қаоым-қатынасының Украинадағы дағдарысқа байланысты ушыға бастаған кезінде айтылды. Сонымен бірге, Қытай әлем рыногына өз технологиясын жоғары қарқынды темір жол желісі арқылы тезірек жеткізуге ұмтылып отыр. «Темір жол құрылысына қатысты алғашқы ой бірінші рет өткен жылғы қараша айында Ресей мен Қытай табиғи газ жеткізіп беру туралы келісім тарихындағы ең үлкен жобаға қол қойған кезде айтылды. «Ресей темір жолдары» мемлекеттік ААҚ бірінші вице-президенті Александр Мишарин 18 қарашада БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Ресей шекарасына дейінгі темір жол құрылысының сметалық құны 60 млрд. доллар тұратынын, бұл жоба жүзеге аса қалса, Бейжіңнен Мәскеуге пойызбен жетуге бұрынғы 5 күннің орнына 30 сағат кететінін айтқан еді. Он жылға созылған келіссөзден кейін «Газпром» ААҚ газ сарапшысы Қытаймен араға құны 400 млрд. доллар тұратын құбыр тарту жөніндегі келісімге қол қойды. Мишарин қараша айында жаңа көлік жүйесін «ауқымының маңыздылығы жағынан» Суэц каналына тең дегенді жеткізді. Руслан Игілік. Дерек, сурет: Bloomberg.