Владимир ЗОЛОТОКОЛОВ,
ТМД байқаушылар миссиясының өкілі:
– Владимир Яковлевич, сайлау барысын бақыладыңыз, не байқадыңыз?
– Шынымды айтатын болсам, Қазақстандағы Президент сайлауынан көп нәрсені байқадым дей аламын. Біріншіден, сайлауға дайындықтың жоғары деңгейде жүргізілгенін бірнеше сайлау учаскесіне барғанда анық аңғардық. Екіншіден, сайлау үдерісі заң талаптарына сай өтуде. Ешбір заң бұзушылықты көргеніміз жоқ. Үшіншіден, сайлаушылардың дауыс беруге келу белсенділігінің жоғарылығы таңдандырды. Сайлаушылар лек-легімен сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау үшін ұзын-сонар кезекке тұрғанының өзінен олардың азаматтық белсенділігінің артқанын байқауға болады. Бұл нені білдіреді? Шын мәнінде адамдар сайлауға әлеуметтік жағдайы жақсарып, елдегі экономикалық өрлеу қарқыны үдеген кезде қуана барады.
– Сайлауды өткізуде үлгі алатындай қандай жаңашылдық бар?
– Әдетте, сайлауды кезекті шара дейтін пікір бар. Бірақ, дұрысында бұл саяси шара да ұдайы жаңартуды, жаңашылдыққа ұмтылуды қажет етеді. Міне, осы тұрғыдан айтқанда, сайлауды өткізуге дайындық кезінде көңіл аударуға тұралық бір жайтты аңғардым. Бұл –сайлаушылар тізімінен өзін таба алмағандар үшін мекен-жай анықтамасын алудың жаңа форматы. Әр учаскеден бірнеше сайлаушының мекен-жайы анықтамасы үшін хабарласуы сайлау комиссияларының бірқатар жұмыстарды атқарғанының дәлелі бола алады.
– Сайлау үдерісін бақылаудан қандай әсер алдыңыз?
– Мен сайлау шарасына қатысты көп жылдық тәжірибеме сүйене айтар болсам, бұрыннан сайлау күнін адамдар мереке ретінде қабылдайды. Кейде өте қат тауарлар жәрмеңкесі ұйымдастырылатынына үйреніп қалған. Дегенмен, қазір адамдар үшін табылуы қиын тауарлар жоққа тән. Іздегеніңіздің бәрі дүкендерде самсап тұр. Бірақ мұндай шараға мерекелік реңк бергеннің артықтығы жоқ. Адамдардың мерекелік көңіл-күймен жүргеніне ештеңе жетпейді. Осы тұрғыдан айтқанда, қай сайлау учаскесіне барсақ та адамдардың қабағының жадыраңқы, көтеріңкі көңілмен жүргеніне куә болдық. Бұған, әрине, көркемөнерпаздардың, әсіресе, балалардың шынайы өнері сайлаушылардың ыстық ықыласына бөленіп, оларды шаттандырды десек артық бола қоймайды.
– Сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жайлы не айтасыз?
– Менің бір байқағаным, сайлаушылар дауыс беруге өз ықыласымен келгені. Қазір ешкімді мәжбүрлей алмайсыз ғой. Мұны әсіресе, сайлауда дауыс беруге қатысты айтуға әбден болады. Өз елінің жарқын келешегіне қапысыз сеніп, ұдайы қарқынмен өркендеуін қалайтындар сайлауда дауыс беруге келеді. Қазақстанның патриот азаматтары елінің болашағы үшін дауыс беруде асқан белсенділік танытты деп ойлаймын. Демек, Қазақстан бұдан былайғы жылдарда да қарқынды даму ырғағынан жаңылмай, биік белестерге көтеріледі деуге толық негіз бар.
Әңгімелескен
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.

Маңғыстау-Семей пойызында жолаушылар тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54