Қоғам • 16 Тамыз, 2024

Үрімшіден жеткен қыз

127 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қытайдың Үрімші қаласынан велосипедпен жолға шыққан Бүрлен есімді жиырма жастағы қазақ қызы Астанаға жетті.

Үрімшіден жеткен қыз

Бүрлен Әділетқызы – Шыңжаң өлкесі, Дөрбілжін ауданының тумасы. Биыл жоғары оқу орнын бағдарлама жасақтаушы ма­мандығы бойынша тәмамдаған. Ол Қазақстан – Қытай арасын­дағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан. Екі мың шақырымды артқа тастаған Бүрленді елорда жұртшылы­ғы ерекше ықыласпен қарсы алып, шашу шашып, қымыз ұсын­ды. Дүниежүзі қазақтары қа­уым­­дастығы Астана қалалық филиа­лының басшысы Ғалым Үлкен­байұлы Бүрленді жеңісі­мен құт­тықтап, Алғысхат және ақша­лай сертификат табыстады.

«Астанаға аман-есен жетіп, сіздерді көргеніме өте қуаныш­тымын. Қарсы алып жатқан ықы­ластарыңызға көп рахмет. Бұл сапарды көптен бері ойластырып жүр едім. Тәуекелге бел буып, 21 шілдеде Үрімші қаласынан жолға шықтым. Басты мақсатым – екі елдің достығын насихаттау. Биыл «Бір белдеу, бір жол» жобасына 10 жыл толып отыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режім орнағаннан бері саяхатшылардың саны артып келеді. Екі ел арасындағы достық нығая берсін», деді ол.

«Жол азабын жүрген біледі» демекші, Бүрленнің бұл сапары түрлі қиындық пен қызық­қа толы болған.

 «Бұл – велосипедпен шыққан алғашқы саяхатым. Күніне 100-150 шақырым жол жүріп отырдым. Күннің ыстығы аздап қиындық­ тудырды. Қызуым көтеріліп, ауыр­ған күндерім де жоқ емес. Әуелде жуан дөңгелекті велосипед­пен шыққанмын. Бірақ ол баяу жүре­тіндіктен, жіңішке дөңгелекке ауыстырдым. Жолда тас, әйнек кіріп, доңғалағым жарылып, шынжырым істен шыққан кездер болды. Бәрін өзім жөндеп алдым. Таңғы 5-терде шығып, түнде аялдап отырдым. Жолда кездес­кен жандардың барлығы қолдау білдіріп, сусын беріп, тамағымен бөлісіп, көмектерін көрсетіп жатты. Бұл сапар өмірімнің бір бе­лесі ретінде ерекше есте қала­тыны сөзсіз. Атамекенге табаным алғаш тиіп тұрған жоқ. Бірақ осы жол­ғы алған әсерім мен толқыны­сым ерекше», дейді Бүрлен Әділет­қызы.

Велосапар көңілінен шық­қаны сонша, Бүрлен алдағы уақытта өзге елдерді де аралауды жоспарлап отыр.