23 Қаңтар, 2015

Әлемде мұнай өндіру 50 пайызға қысқарады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-01-15-neft-2

АСТАНА. 23 қаңтар. Әлемде мұнай өндіру деңгейін бұрынғы қалпында ұстап тұру үшін орасан зор қаржы керек. Ал қазір ақша қысқарып жатыр. Мұның өзі энергия секторына әсер етеді. Бұл туралы Total басшысы Патир Пуянненің Давоста сөйлеген сөзіне сілтеме жасаған «Вести Экономика» туралы хабарлады. «Мұнай өндірудің табиғи түрде төмен түсуі бар. Сондықтан біз газ өндірудің ұлайтуымыз керек. Бүгінгі күн мен 2030 жылдың арасында мұнай өндірудің жартысы жоғалады, бұл тәулігіне шамамен 50 млн. баррельді құрайды. Мұның өзі мұнай өндіруге орасан зор инвестицияны керек ететін болады», - деді ол. Компания басшысы әлемге барған сайын энергияның көбірек керек болатынын қосты. «Жақын арадағы 20 жылда көмірсутегі әлемдегі энергия балансының 70 пайызын құрайды», - деді ол. «Енді жаңа энергетикалық цикл басталады. Мұнайдың баррелінің бағасы $50 шамасында болады. Демек, мен өзімнің көптеген әріптестерім секілді, инвестицияны қысқартамын, онымен қабат энергия сақтау технологиясын инвестициялау азаяды», - деп түсіндірді ол. «2009 жылы бұған жарты жыл кетті, ал 1986-да жыл түгел кетті», - деді Пуянне мұның алдындағы циклдың «үлкен ақшаның» келуіне байланысты, сосын газ секторына «жаңа технологиялардың» келуіне байланысты болғанын еске ала отырып. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Вести Экономика.