Оқиға • 19 Тамыз, 2024

Атырауда балабақша тәрбиешісі қыз баланы ұрып-соққан

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда ата-ана балабақша тәрбиешісінің үстінен шағым түсірді. Анасы баласының балабақшаға барғаннан кейін үшінші күні  денесінен көгерген жерлерді анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда балабақша тәрбиешісі қыз баланы ұрып-соққан

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Әйелдің айтуынша, баланың аузы ісіп, көгерген.

«Қызымды балабақшаға бергеніме үш күн болды. Бала күтуші қыздың секіріп, ойнап жүріп құлағанын айтты. Бірақ мен күтуші баламды қалай ұрғанын көрдім, бірақ басшылық бұл фактіні мойындамады. Қызметкер  WhatsApp-та хабарламаларды оқыды, бірақ хабарлассам алмайды. Мен қатты ашуландым. Бүгін невропатологқа бардық», деп жазды қыздың анасы.

Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық тергеу басталды.