23 Қаңтар, 2015

Мұнай бағасының құлдырауы Иракка апат әкеліп жатыр

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-evro-dollar-1

АСТАНА. 23 қаңтар. Ирак араб республикасының премьер-министрі Хайдер аль-Абади мұнайдың әлемдік бағасы түсуінен кейін өз елінің экономикасы «апатты» жағдайда қалып қойғанын айтты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Ол сондай-ақ мұнай бағасына байланысты қалыптастып отырған ахуалдың «Ислам мемлекеті» экстремистік тобырына қарсы күреске кері әсер етуі мүмкін екенін еске алды. «Мұнайдың бағасы өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда, шамамен 40 пайызға түсіп кетті. Ирак экономикасы мен бюджетінің 85 пайызын мұнай құрайды. Сондықтан мынадай жағдай біз үшін нағыз апатты әкеліп отыр», - деді аль-Абади Лондонда өткен «Ислам мемлекетімен» күрес коалициясы мүшелерінің кездесуінен кейін. «Біз салық және бюджет проблемаларының қарулы күштерге әсер етпеуін қалаймыз», - дегенді қосты ол. Өткен жылғы жаздан бастап мұнайдың бағасы 50 пайыздан да ары төмен түсіп кетті. ОПЕК елдерінің 27 қарашадағы тәулігіне 30 млн. баррель мұнай өндіру деңгейін ұстап тұру туралы шешімі бағаның бетімен кетуіне апарып соқтырды. Алайда, мұнай бағасының барреліне 50 доллардан да түсіп кеткеніне қарамастан, ОПЕК-тің көптеген елдері мұнай өндіру көлемін қысқартудан бас тартып келеді. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: РИА «Новости».