23 Қаңтар, 2015

Қостанайда тарихтан сыр шертетін кітап көрмесі ашылды

470 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
DSC03142ҚОСТАНАЙ. 23 қаңтар. Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ғасырларға куә болған мемлекет» атты кітап көрмесіның ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биыл еліміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелейді. Облыстық әмбебап кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Ғасырларға куә болған мемлекет» атты кітап көрмесі осы айтулы мерекеге арналды. Одан оқырмандар Қазақ елі тарихынан мол мағлұмат ала алады. Кітапхана қорынан алынған экспозицияны тамашалауға облыс өңіріндегі белгілі тарихшылар, студенттер қауымы мен аудандық, қалалық кітапханалар директорлары, БАҚ өкілдері шақырылды. Көрмеге жалпы саны 200-ден аса кітап қойылды. Олар Қазақ хандығының құрылуы мен тәуелсіз Қазақстанның бүгінге дейінгі тарихынан сыр шертеді. Көрменің ашылуына қатысқандар интернет арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық жетекші телеарналар журналистеріне берген сұхбатын тыңдап, «Тарих толқынында» кітабының желісімен түсірілген 3D форматындағы «Қазақ елі» анимациялық жобасын тамашалады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушылары, тарих магистрлері Рауан Байдалы мен Қуаныш Әбілмәліков қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын мерекелеудің мән-маңызын тілге тиек етті. Қазақ мемлекетінің ғасырларға созылған ұзақ тарихын бүгінгі жас ұрпақ білуі тиіс. Мемлекетті құрған, оның құқықтық іргесін қалаған және ұлы даламызды қорғаған хандарымыз бен даналарымыз, батырларымыз бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның рухани діңгегі бола бермек. Жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесінің де қайнары – ұлттық тарихымыз. Өткенді бағаламай – жарқын болашақ жоқ. Көрменің салтанатты ашылуына қатысқандар осындай ортақ түйін жасап, облыстық кітапхана ұжымына рахмет айтты. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. DSC03150 DSC03181 DSC03189