
Фото: obvk.kz
Екі Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысты. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, алты жолаушы түрлі дене жарақаттарымен емдеу мекемесіне жеткізілді.
«Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», деп толықтырды ведомстводан.
Тергеуді Абай аудандық ІІД басшылығы өз қолына алды.