Қоғам • 20 Тамыз, 2024

Биыл жылу желілерін жаңғыртуға 92,5 млрд теңге бөлінді

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 163 км жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 92,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл жылу желілерін жаңғыртуға 92,5 млрд теңге бөлінді

Фото:kursiv.media

Үкіметтің мәліметінше, 109 км жылу желілерін жөндеуге берілетін нысаналы трансферттер есебінен 68,6 млрд теңге бөлінген, 54 км реконструкциялауға шамамен 23,9 млрд теңге Үкімет резервінен жіберілген.

Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары есебінен жалпы сомасы 16,6 млрд теңгеге 68,8 км жылумен жабдықтау желісін қайта жаңарту жоспарланған.

«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарға қаржыландыру жоспарына сәйкес сәуір айынан бастап 92,5 млрд теңгенің 37,5 млрд теңгесі аударылды. Бұл ретте жылумен жабдықтаудың 63 жобасының 8 жобасы бойынша жұмыс аяқталып, 51 жоба бойынша желілерді төсеу басталды, 82 км жол салынды», деп мәлімдеді Қанат Шарлапаев.

Еске сала кетейік, 12 тамыздан бастап өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТКШ және әлеуметтік сала объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша кешенді тексеру жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар әкімдіктерге қыркүйек айының соңына дейін жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің, 15 қазанға дейін денсаулық сақтау, ТКШ және тұрғын үй қорының объектілерінің толық дайындығын қамтамасыз ету қажет.