Үкімет • 20 Тамыз, 2024

Үкімет басшысы жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет басшысы жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды

Фото: Үкімет

Жылыту маусымына дайындықты қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктерге бірқатар тапсырма жүктеді.

Энергетика, Өнеркәсіп министрліктеріне өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқтау тапсырылды.

Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, өңір әкімдіктері қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің толық дайындығын, ал 15 қазанға дейін денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры объектілерінің әзір болуын қамтамасыз етуі тиіс. 

«Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауға алсын. Көлік министрлігі, Қазақстан темір жолы компаниясы және өңір әкімдіктері бекітілген кестеге сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір мен мазут көлемін уақтылы жеткізу бойынша шаралар қабылдасын. Әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сатуға жол беруге болмайды. Бұл көмір халыққа сату үшін бағытталуы шарт», деді Олжас Бектенов.

 

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25