Фото:NUR.KZ/Владимир Третьяков
Министр соңғы үш жылда авиациялық жолаушылар ағынының 20%-ға өскенін атап өтті, бұл әуежайдың тиісті инфрақұрылымын дайындауды қажет етеді. Сондай-ақ бүгінде еліміздегі 6 әуежайда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын және олар қыркүйек айының соңына дейін аяқталатынын атап өтті.
«Инфрақұрылымды дайындау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жазда жүргізіледі. Өкінішке қарай біздің маусым қысқа. Мұның бәрі ұшулардың жүйелілігіне және ұшақтардың кешігуіне әсер етеді. Астана, Алматы, Ақтөбе, Балқаш және Павлодар әуежайларында инфрақұрылымды дайындау мүмкіндіктерін жақсарту үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Марат Қарабаев.
Министр Астана әуежайының ұшу-қону жолағы 20 жылдан бері жөнделмегенін еске салды. Биылғы жылы ұшу-қону жолағы түнгі 22:00-ден таңғы 6-ға дейін жабылғандықтан, күндіз әуежайға түсетін жүктеме артатынын атап өтті.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, рейстердің кешігуі ауа райы жағдайлары мен адами факторларға байланысты.
Марат Қарабаев сондай-ақ департамент мұндай жағдайларды азайту үшін тиісті шаралар қабылдайтынын айтты.
«Біріншісі - әуежайлардың жауапкершілігі, қазір бұл заңда көзделмеген. Екіншісі - бірінші басшылар мен авиакомпаниялар мен әуежайлардың жауапкершілігі. Егер қазір кешіккен рейс үшін авиакомпанияларға айыппұлдар салынса, жаңа механизм бойынша олардың бірінші басшыларына да айыппұл салынады», деді министр.