Фото: Видеодан алынған кадр
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Өскеменде әйелді өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын растады.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 2024 жылғы 13 тамызда қаланың бау - бақша қоғамдарының бірінде әйелді өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адамды ұстады», деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Төкенов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін, қаланың шет жақ аумағынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік.