Оқиға • 22 Тамыз, 2024

Ферроқорытпа ұрлаған топтың қылмысы әшкереленді

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік полицейлері құны 370 млн теңгеден асатын ферроқорытпаны ұрлаған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ферроқорытпа ұрлаған топтың қылмысы әшкереленді

Фото: Көліктегі полиция департаменті

Көліктегі ПД бастығы Бақытжан Малыбаевтың мәліметінше, көліктегі полиция департаментінің жан-жақты тергеуінің арқасында Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Семей және Аягөз станциялары арасындағы учаскеде жүк пойыздарынан бірнеше рет ферроқорытпа ұрлығын жасаған топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылған.

Оның айтуынша, бұл жүк «Қазхром» ТҰК» АҚ құрамына кіретін Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі болған. Жүк Қытай арқылы Жапония мен Үндістанға жіберілгені анықталды.

«Компанияға келтірілген залал сомасы 370 млн теңгеден асты. Абай облысы Жарма аудандық сотының шешімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», деді полиция полковнигі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.