Президент • Бүгін, 16:30

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті «Қасри Миллат» сарайында қарсы алды

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Душанбеге мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті «Қасри Миллат» сарайында қарсы алды

Фото: Ақорда

Ресми шара кезінде Мемлекет басшысының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

в

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді.в