Қазіргі таңда аталған ауылдарға газ құбырларын тарту жұмыстары басталды. Аталған газ құбыры құрылысы Мәстек жеріндегі газ тарату пунктінен (ГРП) бастау алады. Тартылатын газ құбырының жалпы ұзындығы 50 шақырым, жұмыстың құны 1 млрд 111 млн теңге, оның ішінде 992 млн теңге республикалық бюджеттен бөлінді.
«Жұмысты мердігер «СМК-4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 12 шақырым жерасты шұңқыры қазылып, 5,2 шақырым тұрба құбыры көмілген. Қаржы толық бөлінгенде жұмысты уақытылы аяқтайтын боламыз, дейді «СМК-4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компаниясы директорының орынбасары Айдар Құрымбаев.
Жалпы, Маңғыстау ауданындағы газ құбыры 971 шақырымды құрайды. «СМК-4» серіктестігі былтыр бастаған Отпан ауылдық округіне қарасты 15 бекетке 28 шақырым газ құбырын жүргізу жұмысы жақында аяқталады. Бұл жұмыстар аяқталған соң ауданға толық газ беру жұмысы мәресіне жетеді.
Көгілдір отынның келуі енді тигендіктер бұрын егін егуге қолданған сулы, нулы аумақтарда жылыжайлар салып, өнім өндіруге мүмкіндік беретін болады.
Маңғыстау облысы