Оқиға • 23 Тамыз, 2024

Акуланың тісі табылды

1640 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысының аумағында көк зеңгірмен таласқан биік тау кездеспейді. Бірақ Ақкегершін, Ақтолағай, Қойқара, Иманқара, Шөлқара аталатын тауға бергісіз жоталар бар.

Акуланың тісі табылды

Бұл жоталардың жасырған сыры әлі толық зерттеле қойған жоқ. Сол себеп­тен, Атырау облыстық та­рихи-өлкетану музейі 7-18 та­мыз аралығында палеон­тологиялық экспедиция ұйымдастырды. Аталған экспедиция жетекшісі, география ғылымдарының кандидаты, профессор Қажымұрат Ахмеденовтің айтуынша, Жылыой ауданындағы тау жоталарының бор мас­сивтеріне зерттеу жүргізіліпті.

вап

«Зерттеу жұмысына да­лалық және камералық па­леонтологиялық әдістерді қол­­дандық. Жоталарға зерт­теу жүргізу кезінде 511 палеофауна мен палеофлора үлгілері жиналды. Оның ішінде омыртқалы тұ­қымдастардың 259, омырт­қасыздар санатының 229, тасқа айналған 18 ағаш үлгісі бар. Экспедиция мүшелері мезозой дәуірінің жоғарғы бор кезеңіндегі бірегей қаз­ба қалдықтарын тапты. Әсі­ресе 160 миллион жыл бұрын өмір сүрген бауы­ры­мен жорғалаушылардың омырт­қалары мен палео­ген аку­лаларының тіс­тері мен омыртқалары, ба­лық­тардың құйрық қанат­тары, тасқа айналған ағаш­тар­дың үлгілерін, 50 миллион жыл бұрынғы ірі otodus акулаларының тістерін құн­ды жәдігер ретінде баға­лау­ға болады. Сондай-ақ бе­лем­ниттердің, қосжарнақты малюс­калар мен теңіз кірпілерінің бөліктері табылды», дейді Қ.Ах­меденов.

п

Ғалымның дерегіне қара­ғанда, палеофаунаның бірегей орны – Жылыой ауданындағы Шөл­қара тау жотасы. Бұл ау­ма­қ аудан орталығы – Құл­­сары қаласынан оңтүс­тік-шығысқа қарай 130 шақырым қашық­тықта орналасқан.

«Бұл жоталар әр кезеңде ға­лымдардың назарын аударып келеді. Мәселен, 1931 жылы палеонтолог А.Рябининнің Қой­қара қыратынан ерте бор дәуіріндегі динозаврдың омырт­қаларын тапқаны қы­зығушылық тудырды. Оны Эмбазавр деп сипаттаған ғой. Бұл «Эмба кесірткесі» дегенді білдіреді. Біз Эмбазаврды Аты­рау облысының палеон­тологиялық бренді, әлемдік ғылым үшін бірегей олжа деп санаймыз. Енді экспедиция материалдары өңделіп, оның нәтижелері бойынша ғылыми тұжырым жасалады. Алдағы уақытта Атырау об­лысының аумағында миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген жануарлардың түр­­ле­рін анықтау, одан әрі зерт­­теу жұмыстарын жүргізу жал­­ғасады», дейді Қажымұрат Ахмеденов.

 

Атырау облысы