– Қауіпті жүргізушіні тоқтату мақсатында және басқа жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін инспектор Бақытжан Боранбай көліктің жолын жауып тастайды. Бірақ ер адам көлігін жүргізуді жалғастырып, полицейді басып өтіп, артынша оны бірнеше метрге сүйреп, кейін қашып кеткен, – деді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Көп ұзамай күдікті табылып, қамауға алынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол есірткілік масаң күйде болған.
– Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органы қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – делінген полиция ақпаратында.