24 Қаңтар, 2015

Оқушылардың улану себебі анықталды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Газетіміздің кешегі нөмірінде Атырау қаласына таяу орналасқан  «Жұмыскер» елді мекеніндегі И.Тайманов атындағы мектеп оқушыларының  уланғаны туралы хабарлаған едік. Осынау оқыс оқиғаның  туындауына не себеп болды?  «Оқушылардың бірі  бірінші қабаттағы киім ілетін  бөлмеге газ баллонын бүркіген. Соның салдарынан жоғары сыныптардың 21 оқушысы мен бір қызметкері аэрозольдық газға улану белгісімен ауруханаға жет­кізілді. Зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетілді.  Жансақтау бөліміне бірде-бір оқушы, бірде бір қызметкер түскен жоқ. 22 қаңтар күні  18:00 сағатта 18 оқушы ауруханадан шығарылды. Үш оқушы әртүрлі шағыммен  дәрігерлердің қарауында қалдырылды», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Ал Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле Сайлауованың айтуынша,  алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылардың бірі әуестікпен газ баллонын бүріккенін мойнына алыпты. «Егемен-ақпарат».