Аймақтар • 25 Тамыз, 2024

Теміртаудағы Qarmet металлургия комбинатында екі жұмысшы қаза тапты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 25 тамызда Теміртаудағы "Qarmet" АҚ нысанында ЛПЦ-2 (№2 листопрокат цехы) қайғылы оқиға орын болған, деп жазады Egemen.kz.

Теміртаудағы Qarmet металлургия комбинатында екі жұмысшы қаза тапты

Таңғы сағат 9:20 шамасында химиялық ұстау блогы (ХҰБ) ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының екі жұмысшысы биіктен құлап кеткен.

Екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмған.

"Qarmet" компаниясы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларына жан-жақты тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлайды.

Қаза тапқан Д. Иманғалиев 19 жаста, Ю.Самойлов 38 жаста болған.

Сонымен қатар, компания өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуге бағыт алып, өз нысандарында қызметкерлерінен де, мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерінен де барлық қауіпсіздік нормалары мен ережелерін мүлтіксіз сақтауды талап етпек.