Атырау облыстық сотының мұражайына қойылды
Шежірелі тарихтың құнды жәдігерлерінің жөні бөлек қой. Атырау облыстық сотында ашылған мұражайға билер төрелік еткен кезеңнен бергі сот билігінің қалыптасуынан сыр шертетін жәдігерлер молынан қойылған. Мұражайдан сот билігін іске асыруға қатысты түрлі құжаттарды, жарлықтар мен қылмыстық істердің жазбаларын көруге болады. Сонымен қатар, әр жылдары жұмыс жасаған судьялардың киімдері мен төсбелгілерін, мөрлері мен басқа тұтынған заттарын көруге болады. Сарғая бастаған ескі фотосуреттер де, сия сауыт пен патефон да, дискілі телефон мен теру машинкасы да, Samsung маркалы алғашқы компьютер де аталған мұражайдың тарихи жәдігеріне айналыпты.
Мұндағы құнды әрі тарихи жәдігердің бірі ретінде Әбілқайыр ханның 1731 жылы Ресей императоры Анна Иоанновнаға арнап жазған хатын айтуға болады. Ханның хаты жазылғаннан бері көп уақыт өтсе де сақталуында мін жоқ.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.