Шаруашылық • 26 Тамыз, 2024

Елімізде 2,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің барлық өңірінде егін жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Елімізде 2,7 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Фото: Ашық дереккөз

Министрліктің мәліметінше, 26 тамызда 1,5 млн гектарда дәнді және бұршақты дақылдар жиналып, орташа өнімділігі 17,9 ц/га болатын 2,7 млн тоннаға жуық дәнді дақылдар бастырылған.

«Көкөніс дақылдары 52,7 мың гектардан жиналып, өнімділігі 250,6 ц/га құрап, 1,3 млн тоннадан асты. Бақша дақылдары - 81,6 мың га алқаптан жиналып, өнімділігі 250,4 ц/га құрап, жалпы алым 2 млн тоннадан асты. Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылған», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15