24 Қаңтар, 2015

Қазақстандық компания жеңімпаз атанды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Будапешт қаласында Мажар­стан президентінің қол­дауымен Еуропалық сапа ұйымы (The European Organisation for Quality) ұйымдастырған «Сапа инновациялары – 2014» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. «Әлеуетті инновациялар» номинациясында қазақстандық «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ жоғары қарқынды ультрадыбыспен емдеу технологиясын (HighIntensity Focused Ultrasound) енгізгені үшін жеңім­паз атанды. Бүгінгі таңда бұл қатерлі ісік ошағын жоюда инвазивтік емес тәсілдің жалғыз түрі болып табылады, яғни емдеу шаралары барысында тері бетінің тұтастығы бүлінбейді. Еуропалық сапа жүлдесі бизнес үдерістерді басқару жүйесін және жұмыс сапасын жақсарту үшін берілетін еуропалық беделді сый болып табылады. Жүлдені Орталықтың бас директоры, медицина ғылымдары­ның докторы, профессор Абай Байгенжин қабылдап алды. Мара­паттау салтанатына Қа­зақстан Республикасының Мажар­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрбах Рүстемов қатысты. «Егемен-ақпарат».