Оқиға • 26 Тамыз, 2024

Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді

15 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында №29 бағыттағы автобус пен жүк көлігі соқтығысып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция көлік жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтауды ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, №29 бағыттағы автобус соңғы аялдамадан қозғалған.

«Ақтөбе-Орск тасжолында автобус пен жүк көлігі арасында жол-көлік оқиғасы болып, жүргізуші мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Облыстық Полиция департаменті жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді», деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқиға орнына жедел жәрдем барып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.

«Автобустың 32 жастағы жүргізушісі жабық бас-ми жарақатымен Ақтөбе облыстық көпсалалы аурураханаға жеткізілді. Сонымен бірге, 55 жастағы жолаушының оң жақ иығы шығып кеткен. Ол да ауруханада жатыр. 73 жастағы қария жабық бас-ми жарақатын алды. Оң жақ иығының буындары ауырып, дәрігерлерге қаралды. Кейін ол да облыстық көпсалалы аурухағана жеткізілді. Ал, жүк көлігінің жүргізушісі дәрігерге қаралмады», деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15