Таным • 27 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: Роботтар конференциясы

66 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бейжіңде дүниежүзілік робот техника конференциясы өтті. Осы жиында адамға ұқсас 27 ро­бот көрсетілген. Бұл – осы сала тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Ғалам ғажаптары: Роботтар конференциясы

Аталған іс-шараға әлемнің 170-ке жуық кәсіпорны қатысты. Олардың қатарында «Tesla», «Siasun» сияқты ірі жаһандық компаниялар да бар. Олар 600-ден аса инновациялық өнімін таныстырды. Бұл технологиялар алдағы уақытта өнеркәсіп, медицина, құрылыс пен көлік салаларында қолданылады. 2024 жылдың шілде айындағы статистикаға сүйенсек, Қытайда роботқа қатысты 190 000-нан астам тиімді патент жасалған. Бұл – әлемдегі жалпы патенттердің шамамен үштен екісін құрайды.

 

Марстағы мұхит

апр

Марстың беткі қабатынан 20 ша­қырым тереңдікте сұйық судың үлкен қоймасы табылды. Мұны NASA-ның «InSight» ғарыш аппараты жинаған сейсмикалық мәліметтер дәлелдеді.

Бұған дейін мұнда су тек мұз немесе бу түрінде ғана болады деп есептелген еді. Жаңа зерттеулер үш миллиард жыл бұрын Марс бетінде үлкен көлдер, мұхиттар мен өзендер болғанын растады. Алайда магнит өрісі біртіндеп жоғалған кезде, планета бетінде су тартыла түскен. «Бұл тереңдік, яғни 11-20 шақырым – судың сұйық күйінде болуы үшін жеткілікті. Бірақ оған жету оңай емес», дейді зерттеудің жетекші авторы, Калифорния университетінің ғалымы Вашан Райт.

 

Эльбрус шыңында күй тартқан

апрара

Астаналық Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік нүктесінде «Адай» күйін орындады.

26 жастағы жігіт Эльбрус шыңына бір апта көлемінде жеткен. «Домбыраны мұндай биіктікке көтеру оңай емес. Өйткені ол жеңіл болғандықтан, сынып қалуы әбден мүмкін. Аяздан жарылып кетуі де ықтимал. Сол себепті ұлттық аспабымызды көздің қарашығындай сақтап, 5 642 метр биіктікке алып шықтым. Осылайша, домбыраны әлемге көрсетіп, оның насихатына мен де үлес қосқым келді», дейді елордалық Әлібек Қайырбек.