Білім • 27 Тамыз, 2024

115 мыңға жуық бала мектепалды дайындықтан өтті

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 115 мыңға жуық бала «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша мектепалды дайындықтан өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

115 мыңға жуық бала мектепалды дайындықтан өтті

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бағдарлама биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1- сынып оқушыларын бірдей мектепке бейімдеу, білім алуға дарярлауды көздейді. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты жалғайды. 

«Балақайлар мектебі» бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленген.

«Жазғы кезеңде мектепалды дайындықтан 115 мыңға жуық бала өтіп, 2,9 мың мектептің 5,1 мың бастауыш сынып мұғалімі мен мектепалды даярлық педагогтерінің қатысуымен оқыту ұйымдастырылды. Оқыту барысында балалардың физикалық, коммуникативтік, интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары, сондай-ақ мектепке оң көзқарасын дамытуға басымдық берілді», деді Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Мектепалды дайындық бағдарламасы 1 айға арналған. Осы кезеңдегі білім беру процесін білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтері жүргізді.