сериясының үшінші топтамасы жарық көрді
Таяуда А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Шығыс Қазақстан кітаптары – 2014» шарасы шеңберінде бірқатар әдеби жобалардың тұсаукесері өтті. Оның ішінде «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясының үшінші топтамасы, «Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы», ауған соғысында қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған «Азалы кітап» және «Шығыс Қазақстан» энциклопедиясы оқырмандарға таныстырылды.
Айта кеткен абзал, «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясының алғашқы 20 томы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында оқырман қолына тиген болатын. 2013 жылы аталған сериялы кітаптар қазақтың көне жырауларынан бастау алып, ел мақтанышына айналған белгілі авторлардың шығармаларын қамтыды. Ал үшінші топтама ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына лайықты сый болатын кітаптарымен ерекшеленіп отыр. Яғни биыл Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Абайдың барлық өлеңдері мен поэмаларына ғылыми түсініктеме жазған Қайым Мұхамедхановтың еңбегі жарияланды. Одан бөлек профессор Арап Еспенбетовтің абайтану, шәкәрімтану мен сұлтанмахмұттану туралы зерттеулері енген қос томдығы, Абай мектебінен тәлім алған дарынды ақын Әріп Тәңірбергеновтің шығармалары жарық көрді. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына қатысып, қалам мен қаруды қатар ұстаған жерлестеріміздің шығармалары жарық көрді. Олардың қатарында Халық Қаhарманы Қасым Қайсенов, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов пен партизан жазушы Әди Шәріповтің туындылары бар. Бұл тізімді жазушы Мүсілім Құмарбековтің Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың өмірі туралы баяндайтын «Тауқымет» атты романы жалғастырады. Ел басына күн туған сын сағатта шыңдалған халықтар достығы кешегі ауған жерінде өткен арпалыста нығая түсті. Онда қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлердің рухына арналған «Азалы кітап» та жарық көрді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше