Білім • 27 Тамыз, 2024

Елімізде 100 қосымша білім беру нысаны салынады

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023-2027 жылдар аралығындағы Жол картасы аясында 100 қосымша білім беру нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Оның ішінде 37 оқушылар сарайы және 63 өнер мектебі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 100 қосымша білім беру нысаны салынады

Фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы 9 оқушылар сарайы пайдалануға берілген. 2024 жылы — 13, 2025 жылы — 20, 2026 жылы — 24, 2027 жылы — 34 нысан ашылады.

Құрылыс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл нысандар оқушылар мен жас таланттарды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсына отырып, мәдени және білім беру кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15