Тарих • 27 Тамыз, 2024

XIV ғасырда Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған қолжазба табылды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

XIV ғасырда Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған қолжазба табылды

Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған. Аталған тарихи мұраны Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025» кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтаған.

Министрлік қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім етті.

оо