Аймақтар • 28 Тамыз, 2024

Тұрғындарды мазалаған мәселелер

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облысының Исатай, Құрманғазы аудандарында болып, аудандық мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

Тұрғындарды мазалаған мәселелер

Фото: senate.parlam.kz

Кездесуде азаматтарды алаңдатқан өзек­ті мәселелер, соның ішін­­де кәсіпкерлер үшін бел­гіленген салық мөл­шері, жайылымдық жер­лер, нысандар құрылы­сын­дағы кідіріс­тер және жол­дың сапасына қатысты проб­лемалар талқылан­ды. Сенатор көтерілген мәселелерді жедел шешу қажет екенін және бұл түйткілдер депутаттық қызметте назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар депутат Сенаттың заң шығару қыз­меті туралы айтып, қо­ғам­ның дамуына елеу­лі ықпал ететін және әлеумет­тік-экономикалық салаға оң өзгеріс әкелетін негізгі заңдарға тоқталды.

Әлібек Нәутиев Иса­тай ауданының Томан ауылындағы электрмен жабдықтау желісінің, медициналық пункттің қызметімен де танысты. Сондай-ақ Құрманғазы елді мекеніндегі оңалту орта­лығының, «Аты­рау – Астрахань» тас жолы құрылысының жай-күйіне назар аударды.