Экономика • 28 Тамыз, 2024

Қазақстаннан бензинді көлікпен шығаруға тыйым салынды

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 27 тамызда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстаннан бензинді көлікпен шығаруға тыйым салынды

Фото: inbusiness.kz

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу шешімі ұзартылды.

Жиында Қазақстан аумағына алма әкелуге тыйым салу мәселесі де қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл 300 мың тонна алма жиналады деп болжанып отыр. 

Ал 2024 жылы алма бақтары толық жеміс беріп, өнімді 18%-ға арттыру жоспарланған. Бұл көрсеткіш ішкі нарықты толық қамти алады. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Шикiзат тауарларын iшкi қайта өңдеудi ұлғайту және отандық кәсiпорындарды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтатын шикiзатпен қамту мақсатында Қаржы министрлігi белгiлi бiр шикiзат тауарларына ЭСА белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiздi.