Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Салтанатты рәсімнен кейін «Рагадан» корольдік сарайында Хашимит Корольдігі монархында ресми қабылдау өткен. Иордания Королі Елшіге Қазақстан-Иордания қатынастарын нығайту бағытында табысты және жемісті жұмыс тіледі.
Кездесуден кейін Елші Корольдік сарайдың қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды. Сонымен қатар Елші Хашимит Корольдігінің негізін қалаушы Король Абдалла I ибн Әл-Хусейн, Король Талал ибн Абдалла және Король Хусейн ибн Талалдың қабірлеріне гүл шоқтарын қойды.