Өндіріс • 29 Тамыз, 2024

Ауылдағы зауыттың жетістігі

68 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Ақмол ауылында орналасқан «Capital projects ltd» ЖШС жылына 20 мың тонна қуаттылықпен тауық етін өндіріп келе жатыр. Кәсіпорынның «Курочка ряба» брендімен шығаратын өнімдері тұтынушылардың ауқымды сұранысына ие. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен жақын арада өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Ауылдағы зауыттың жетістігі

Фото: shanyrak-group.kz

Кәсіпорын тауық еті мен жұмыртқа өндірісінің толық циклін (аналық мал – инкубациялық жұмыртқа – ин­куба­тор – репродуктор – тауық еті және жұ­мыртқа – тарату) құрған «Ша­ңырақ» компаниялар тобына кіреді. Со­нымен қатар жем өндіру және экспорттау үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіреді. Кәсіпорын ең аз қалдықпен жұмыс істейді, тіпті тауық сыңғырығы да дақыл өсіруде пайдалану үшін органикалық тыңайтқыш ретінде өңделеді.

Қазіргі уақытта салынып жатқан майлы дақылдарды қайта өңдеу желі­сі жемшөп өндірісін 25 пайызға ар­зандатуға мүмкіндік береді. Бұл тауық жұмыртқасы мен құс етінің баға­сына оң әсер етеді, өйткені жем осы өнімдердің өзіндік құнының негізгі және ең қымбат құрамдас бөлігі болып саналады.

Кәсіпорын тәулігіне 1 млн жұ­мырт­­қа өндіретін пастерленген сұйық және құрғақ жұмыртқа өнім­дерін шығарумен айналысады. Бұл тауық жұмыртқасын өңдейтін елі­міз­дегі алғашқы зауыт болмақ. Кәсіп­орын қазірдің өзінде технологиясы елімізде белгіленетін, жұмыртқа өнім­дерін өндіру бойынша әлемдік көш­басшы «Тhornico» (Sanovo) компания­сымен эксклюзивті келісімге қол қой­ды. Жобаны келесі жылы жеңіл­детіл­ген несиелеу түрінде мемле­кеттің қолдауы­мен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Таяуда кәсіпорынға вице-премьер Серік Жұманғарин де барып, өндіріс үдерісімен танысып қайтқан еді. Вице-премьер аталған жобаны қолдап, оның еліміздегі агроөнеркәсіп кешені саласында терең қайта өңдеуді дамытуда маңызды рөлге ие болатынын айтты.

Кәсіпорында ылғал астықты сақ­тау­­дың жаңа әрі қолжетімді әдісте­рі қолданылады. Мұнда 8 жылдан бері ылғалдығы 18-20 пайыз болатын астықты сақтауға арналған плас­тик қапшықтар пайдаланылады. Бұл пі­шінде оны 6 ай бойы қауіпсіз сақтауға, көктемде ашып, кептіріп, әрі қарай сақтауға болады. Кәсіпорын басшысы Максим Божконың айтуынша, оттегінің болмауына байланысты астық жыл бойына өте жақсы сақталады.