Қоғам • 29 Тамыз, 2024

Тегін құқықтық кеңес

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындарына құқықтық кеңес берілді. Ашық есік күнін Қазақстан­ның Азаматтық Альянсы Конституция күні қарсаңында ұйымдастырды. Құқықтық мәселелерді талқылауға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қаланың белсенді азаматтары жиналды.

Тегін құқықтық кеңес

Кеңесші ретінде Әділет департамен­тінің мамандары, адвокаттар, нота­риустар, заңгерлер, сарапшылар шақы­рылды. Олар арнайы ұсыныс айтып, тұрғындар кәсіби көмек алды.

– ҮЕҰ мен елорда азаматтарына Ашық есік күнін бірінші рет ұйым­дастырып отырмыз. Жалпы, бар­лық өңір­де бір мезгілде құқықтық мәсе­лелер бойынша Ашық есік күні өтіп жатыр. Нотариустар, адвокаттар кеңестері­­нің ақысын төлеуге бәрі­нің қалтасы көтере бермейді. Әсі­ресе отбасы дүниесін бөлу немесе бірік­тіру, мұра, жәрдемақы төлеу, шоттарды бұғаттау сияқты және басқа да маңызды мәселелер бойынша жүгінеді. Сондықтан бұл іс-шара тұрғындарға өз құқықтары туралы көбі­­рек білуге көмектеседі. Құқықтық сауат­сыздық азаматтық белсенділікті төмендетеді. Адамдар өз құқықта­рын білетін болса, олар өз қаласына, ауда­нына, ауылына бір нәрсе жасауға мүмкіндігі болады, – деді Астана қаласы ҮЕҰ альянсының президенті Махаб­бат Еспенова.

Іс-шара «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту ұлт­­тық орталығының қызметін ұйым­дас­тыру» жобасы аясында өтті.

– Бұл алаң азаматтарға көмек көр­се­туге берілген. Адамдар кері байланыс, пайдалы ақпарат және көмек алады. Мұндай Ашық есік күндерін мамандарға өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін өткізу аса маңызды, – дейді Астана қаласы Адвокаттар алқа­сының мүшесі Арнұр Чегибаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ашық есік күндерін тұрақты түрде өткізу жоспарда бар.