Аймақтар • 29 Тамыз, 2024

Әлеуметтік нысан жұмысымен танысты

50 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

Әлеуметтік нысан жұмысымен танысты

Фото: primeminister.kz

Екібастұз қаласында вице-премьер «Самғау» балалар шығармашылық үйінің құрылыс барысымен танысты. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатыр. Былтыр қазан айында бюджеттен тыс қаражаттар есебінен басталған құрылыс қазіргі уақытта аяқталуға жақын қалды.

Заманауи құрал-жабдық­тармен қамтылған білім беру кешенінде 12 бағыт бойынша үйірмелер мен секция­лар ұйымдастырылады. Инклю­зивтілікке ерекше назар аударылған – нысан ерекше қажет­ті­лігі бар балаларға толы­­ғымен бейімделген, сон­дай-ақ ата-аналарды психо­логия­лық-педагогикалық қол­дау орталығы да жұмыс істе­мек. Орталық қала балала­рын мектептен тыс іс-шаралар­мен 32%-дан 70%-ға дейін қам­туға мүмкіндік береді. Тамара Дүйсенова нысанның маңыз­дылығын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Павлодарда Тамара Дүй­сенова «Viamedis Pavlodar» ЖШС емханасына барды. Қаланың №4 емханасы МЖӘ жобасы аясында жеке ком­панияға сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Бұл оның кадрлық әлеуетін кеңейтуге және нығайтуға, сондай-ақ инфрақұрылымын түбегейлі жақсартуға мүмкіндік берді. Нысан КТ, МРТ, басқа да заманауи медициналық қон­дырғы­лармен жабдықталған.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асайын Бай­хановпен бірге өңірдегі медицина ұйымдары басшыларымен кеңес өткізілді. Онда  медициналық қызмет сапасын жақ­сарту, жаңа технологиялар­ды енгізу, оның ішінде дәрі-дәр­­мекті таңбалау мен қа­даға­­лауды енгізу мәселе­лері тал­қыланды. Қазір өңірлер­ге 11 мыңға жуық таңбалан­ған пре­парат жіберілді. Оның 600-і өңір­дің дәріханалар желі­сі­не жеткізілді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы, саладағы қызмет көрсету сапасын жақсарту және халықты қамтуды ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда облыс­та 117 мыңнан астам адам сақтандырылмаған. МӘМС жүйесіне азаматтарды тарту үшін мекенжай бойынша жұмыс жүргізу міндеті қойылды.

«Азаматтардың мәртебесін анықтау маңызды. Жүйеге тартылмағандардың арасында мемлекет есебінен аударым жүргізілетін адамдар санаты болуы мүмкін. Ал еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдануы тиіс. Дәрі­лік заттарды таңбалау және қа­дағалау үдерісі контрафак­тілік өнімдерді айналымнан шығаруға бағытталған. Халық сапалы әрі сертификатталған дәрі-дәрмектерді қолданатынына сенімді болуы керек», деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер Малайсары батыр атындағы орта мектепке барды. Мұнда ол оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп асханаларындағы төлем жүйесін цифрландыру, сондай-ақ оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстармен танысты.

Тамара Дүйсенова облыстың білім ұйымдары басшыларымен жиналыс өткізді. Онда сапаны арттыру мәселелері талқыланды. Қазір облыста 359 мектеп жұмыс істейді. Жобалық кеңсе құрылып, бірінші кезеңде 14 мақсатты білім мекемесінде білім сапасын көтеру үшін әдістемелік шаралар қабылдана бастады.

Вице-премьер Павлодар облысы білім сапасы бойын­ша елімізде көш бастап тұр­ға­нын атап өтіп, білім беруді тұл­ғаны дамытудың көпдең­гей­лі жүйесі ретінде қарастыра оты­рып, нәтижелерді әрі қарай жақсарту қажет екенін атап өтті.

«Павлодар облысы – білім сапасы бойынша қазір еліміздегі үздік бестік­тің қатарында. Жақсы көрсеткіштерді сақтап қана қоймай, жоғарылатуға да ұмтылу маңызды. Мақсатты мектептерді анықтау қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Балабақша, мектеп, колледж, ЖОО жеке тұлғаны дамытудың дәйекті әрі өзара байланысты және көпдеңгейлі жүйесі ретінде қарастырылуға тиіс»,  деп атап өтті Т.Дүйсенова.