Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2024

Алматы тауларында қар жауды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2 қыркүйекте Алматыда ауа райы күрт суыды, қалада жаңбыр жауып, Іле Алатауында қар жауа бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тауларында қар жауды

фото: видеодан кадр

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының базалық бекеттерінде орнатылған бейнекамералар орта және жоғарғы беткейлердің, соның ішінде Богданович мұздығының қар басып қалғанын желіде көрсетіп отыр.

2023 жылдың 4 қыркүйегінде Іле-Алатауының орта таулы және биік таулы аймақтарында, атап айтқанда 2500 метрден жоғары биіктікте жауын-шашын жауды, жаңбыр бұрқасынға айналды. Синоптиктердің айтуынша, бұған солтүстік-батыстағы суық ауаның басып кіруі және онымен байланысты атмосфералық фронт себеп болған.

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады, сондай-ақ еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауып үсік жүретінін болжаған еді.