Әрбір тұрғынның сенімін ақтауға тұратын тұжырымдама, Заң дайындалуы тиіс және күрмеулі мәселелерді шешуде батылдық және табандылық танытуымыз қажет деп санаймын.
«Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Ол үшін кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет», дегенді баса айтты Президент.
Жолдауда қамтылған мәселелер депутаттық сауалдарға негіз болып, өңірлерді аралап, тұрғындармен кездесулерде қозғалған түйткілдің оңтайлы шешілуіне септігін тигізеді деп санаймын. Әрине, мәселені шешудің тетіктерін іздеу үшін өндіріс көлемін ұлғайту және экономика салаларын кеңейту жоспарларын талдау қажет. Бұл жөнінде Парламент қабырғасында Заң мен тәртіптің үстемдігін орнықтыру үшін кешенді шаралар қабылданып, жұмыстар атқарылуда.
Экономиканы дамытуда стратегиялық бағыттың дұрыс құрылуы көп іске жол ашқандығын көріп отырмыз. Сол көп істің ең маңыздыларының бірі инфрақұрылымның дамуы болып отыр. Яғни, Мемлекет инфрақұрылымның негізгі рөлі болып табылатын көлік, энергетика, су және әлеуметтік инфрақұрылымды белсенді дамытуды жалғастыруда. Жайлы мектептердің, теміржол магистральдары мен автомобиль жолдарының құрылысын сапалы аяқтауға баса назар аударылды. Кем дегенде 10 мың шақырымды қамтитын облысаралық және ауданаралық автожолдарды орташа жөндеу бағдарламасын масштабтау тапсырылды. Үкімет жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны қабылдауы тиіс деген маңызды мәселерді атап айтты. Одан бөлек, энергетикалық сектор, транспорттық инфрақұрылым, туризм, су саясаты, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, энергетикалық сектор, цифрландыру да назардан тыс қалмады. Әрбір сала маңызды.
Тек табысты іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық деңгейлерде қуатты саяси қолдауды қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы ынтымақтастықты тереңдету қажет. Мұндай кешенді стратегия Қазақстанда инфрақұрылым жүйесін басқарудың тұрақты және функционалдық схемасын құруға ықпал ететін болады. Бұл – ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі.
Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ,
Парламент Сенатының депутаты