Фото: kz.kursiv.media
Еске салайық, жыл басында Су ресурстары және ирригация министрлігі 9 ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған еді. Нәтижесінде студенттер «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды.
«Меморандумдарда тәжірибе жинақтаушы студенттерге жалақы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру және оған жаңа кадрларды тарту үшін жасалып отыр. Студенттер өз кезегінде практикалық тәжірибе жинап, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады», деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүсілім Жиенбаев.