Оқиға • 04 Қыркүйек, 2024

Қостанай тұрғыны мас күйінде гүлзарды талқандап кеткен

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған қаланың тәртіп сақшылары 50-ден астам гүл отырғызылған арнайы ыдысты сындырып кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай тұрғыны мас күйінде гүлзарды талқандап кеткен

Фото: Polisia.kz

Оқиға 4 қыркүйек күні таңертенгі уақытта болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Абай-Павлов көшелері қиылысында гүл отырғызылған 50-ге жуық ыдыстың талқандалғанын көрген. Күдікті келесі көшеде ұсталған.

Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан және оның «орташа дәрежеде» мас екені анықталған.

Уақытша ұстау изоляторына қамалған ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін, гүлзарлар мен дүкен есіктерін қасақана бүлдіріп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылады.

Қостанай қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұзақы шамамен 360 мың теңгеге шығын келтірген.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15