Оқиға • Бүгін, 17:17

Бұрын сотталған ер адам егде жастағы әйелді ұрып кеткен

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының полицейлері егде жастағы әйелді пәтерінде ұрып-соғып, ақшасын ұрлап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрын сотталған ер адам егде жастағы әйелді ұрып кеткен

Фото:polisia.kz

Полицияның хабарлауынша, жергілікті тұрғын бөлімшеге хабарласып, облыс аумағында тұратын 74 жастағы қарт кісі байланысқа шықпай жатқанын жеткізген.

«Осы факті бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге құқық қорғау органдары пәтерге балкон арқылы кірді. Жатын бөлмеде медициналық көмекке мұқтаж қарт әйел табылды. Ол дереу ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ПД КПБ бастығы Дәурен Сәкенов.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға болған күні белгісіз ер адам пәтерге кіріп, қарт әйелді ұрып-соққан, кейін бар ақшасын талап еткен. Ақыры 300 мың теңгені қолды қылып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұрын сотталған 33 жастағы ер адамды анықтап, дереу қамауға алған. Аталған факт бойынша сот сараптамалары тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.